Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2015-08-28 күнінлені Құрылысшы күні! ревизиясы

2015-08-17
Құрылысшы күні!
Құрылысшы күні!
Құрылысшы күні!
Құрылысшы күні!
Құрылысшы күні!
Кәсіби мереке – Құрылысшы күнін тойлау шеңберінде, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының қызметкерлері Ақтөбе қаласының жасыл желекті аймағында орналасқан «Солнечный» демалыс орнының мәдени ойын-сауық спорт кешеніне барып, бірқатар іс шара өткізді. Іс шара келесі спорт түрлері бойынша жарыс түрінде өтті: волейбол, футбол және спорт-ойындық эстафета. Филиал қызметкерлері командаға бөлініп, капитан таңдап, командаға ат қойып, ұран ойлап тауып, ең спортты және тапқыр команда атына күресті. Күннің бірінші жартысында ойыншылар волейбол бойынша біріншілікке және «Ең үздік волейбол командасы» атағына күресін бастады. Әкімшілік-басқару ұжымы бірінші орынға, өндірістік бөлім екіншіге, ал жинақтау бөлімі үшінші орынға ие болды. Басты жарыс арасындағы үзілістерде де филиал қызметкерлері зеріккен емес, құрылыс тақырыбында сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Ең қызығы күннің екінші жартысында болды, қатысушылар өздерін спорт жағынан ғана қоймай, қиялдарын, әзілдігін және шығармашылық тапқырлығын танытқан спорт-ойындық эстафета өтті. Шара соңында марапаттау рәсімі өтіп, жеңіскерлерге мадақтама және ескерткіш сыйлықтар берілді. Сонымен қатар филиал қызметкерлеріне көпжылдық еңбегі мен құрылыс саласына, филиал қызметіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық министрлігі мен филиал басшысы атынан алғыс хаттар берілді.