Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрылысшы күніне арналған Спартакиада

2015-08-06
Құрылысшы күніне арналған Спартакиада
Құрылысшы күніне арналған Спартакиада
Құрылысшы күніне арналған Спартакиада
Салауатты өмір салтын насихаттау және «Мемсараптама» РМК жүйесінде «Құрылысшы күнін» тойлаудың дәстүріне айналған жыл сайынғы Спартакиаданы өткізу аясында 2015 жылдың 30 шілдеден 1 тамызына дейінгі мерзімде «Мемсараптама» РМК орталық аппаратының жастар кеңесі мен филиалдар қызметкерлері арасында Ақмола облысы Щучинск қаласы «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан «Энергоинформ» АҚ мен «Береке-Бурабай» ЖШС-нің оқу орталығында шағын-футбол, үстел теннисі, волейбол, шахмат және арқан тарту бойынша спорттық жарыстар өтті. Спартакиада ашылуында «Мемсараптама» РМК-нің аппарат басшысы Н.П. Тихонюк қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, Спартакиаданы ашты. Кейін жарыс қатысушыларын тіркеу өтіп, командаларға жеребе тасталды. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Сонымен қатар, «Мемсараптама» РМК оратлық аппараты және филиалдар командалары арасында «СУМО» жапон күресі бойынша жолдастық матч өтті. Жарыс қызу және ымырасыз күрес түрінде командалар мен қатысушылардың қолдауымен өтті. Спартакиаданың қорытынды күнінде жарыс жеңімпаздары «Мемсараптама» РМК және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі құрылыс, ТҮШ және жер ресурстарын басқару комитеті» ММ командалары арасында шағын футбол, үстел теннисі, шахмат және волейбол бойынша суперфинал өтті. Ойындар аяқталумен, нәтижелер қорытындыланып, Спартакиаданың жабылуының салтанатты рәсімі өткізілді. Жүлделі болған командаларға құрмет грамоталары, ескерткіш медальдар және кубоктар берілді. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы Спартакиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізген «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорнын және «Мемсараптама» РМК жергілікті кәсіподағы» ҚБ-ға алғыс білдіреді.