17.06.2015 «Мемсараптама» РМК-нің Атырау облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасының экономика министрінің
2015 жылғы 1 мамырдағы №299 бұйрығын орындау мақсатында, ТШО өкілдерімен «
бір терезе» қағидаты бойынша жеке жобаларды жан-жақты сараптама жүргізу бойынша жоспарланған кездесу өткізілді.
Рама Кантамир - ТШО-ның жоба менеджері, филиал директорын
Н.Б.Султанбековке қабылдағаны үшін алғысын білдірді және қатысып отырған ТШО өкілдерімен таныстырды:
Стив Пауэл - ТШО жобасының портфел менеджері;
Пол Хенти - ТШО-ның су жобалары менеджері;
Кевин Уолкер - ОВП бойынша ТҚ кеңесшісі;
Гульнар Айдарова - ҮЕҰ маманы;
Марат Дияров - «Кей Пи Джей Ви Лимитед» ҮЕҰ маманы;
Аккалау Азбергенова - ҮЕҰ маманы;
Кездесу барысында төмендегідей мәселелер қарастырылды және талқыланды: «
Сараптамаалды қызметі», «
Сараптама қызметі», «
Сараптамалық қорытындылар беру» бір терезе қағидаты бойынша салалық және ведомствалық сарапшы жобаларының қатысуымен кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өту кезіндегі бизнес процессі. Кездесу соңында, тапсырыс берушілер тарапынан сұрақтар қойылды, түсініктеме берілді.