Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҰОС ардагерлерін құттықтау

2015-05-12
ҰОС ардагерлерін құттықтау
ҰОС ардагерлерін құттықтау
ҰОС ардагерлерін құттықтау
«Мемсараптама» РМК-нің Астана қаласындағы филиалының ұжымы Жеңіс күні қарсаңында ҰОС ардагерлерін құттықтады. Абилов Баймухан 1942 жылғы қарашада Волховск майданы екінші соққы беретін әскери құрамындағы 318-ші атқыштар полкының солдаты ретінде соғысқа аттанды. 12-ші ауыр минаатқыш бригадасының құрамында Ленинград блокадасын бұзуға қатысты, Новгород, Тарту, Рига, Вильнюс, Каунас және басқа қалаларды азат етті. Бірінші Прибалтикалық майдан тобының құрамында Курляндияда «Солтүстік» әскерінің немістер тобын қоршауға алуға қатысты. 1945 жылдың сәуіріне дейін блокада жалғасты және оларды жою бойынша соғыстар жүріп жатты. Новгородты азат еткеннен кейін бригада 12-ші Новгородтық ауыр минаатқыш бригадасы атағын алды. Құрметті ардагерлер! Сіздерді ақ жүректен Ұлы Жеңістің 70-жылдығымен құттықтаймыз! Біз Сізге өмірде көрген барлық қиыншылықтарыңыз, мұқтаждық мен тауқыметтеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздер жеткен жеңістің арқасында қазір біз тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз және Мәңгілік елдің азаматтары болып саналамыз. Біз Сіздердің Отан алдындағы еңбектеріңізді әрқашан есте сақтаймыз. Біздің бақытты өміріміз үшін және еліміздің азаттығы үшін Сіздерге зор алғыс білдіреміз. Біз сіздерді мақтан тұтамыз!