Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Тапсырыс берушілерге арналған семинар

2015-07-10
Тапсырыс берушілерге арналған семинар
Тапсырыс берушілерге арналған семинар
Тапсырыс берушілерге арналған семинар
2015 жылғы 19 маусым күні «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалында «бір терезе» қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қатысты мәселелер жайында кеңес өткізілді. Аталған кеңеске Алматы облысындағы құрылыс жобаларының жобалаушылары мен тапсырыс берушілері қатысты. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының директоры Б.Туғанбаев қатысушыларды ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің жаңа қағидаттарымен, электронды портал арқылы бастапқы құжаттармен бірге ТЭН немесе ЖСҚ материалдарын ұсыну тәртібімен, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы жайлы мәліметтермен (салалық сараптамаларды қоса алғанда) таныстырды. Сөз алушы ведомстводан тыс кешенді сараптама белгіленген мерзімде қатаң бақылау бланкілерінде, электронды қол қойылған және тек қана бір рет ескертулер жолдайтындығын, сондай-ақ «Жоба» сатысындағы объектілерді сараптама қарамайтындығын хабарлады. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде сараптама жүргізу жасалмайды. Сарапшылардың Тапсырыс берушілермен «онлайн» режиміндегі жұмыс принципі (телефон келсізсөздері, интернет арқылы хат алмасу, таласты мәселелер туындағанда кеңестерді өткізу) және сарапшылардың жобалаушылар және тапсырыс берушілермен тікелей байланысқа тыйым туралы ерекше атап өтті. Қатысушылардың сұрақтарына «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасарлары Ж. Молдыбаева мен М. Бектұрсынов, өндірістік бөлім бастығы Т. Евтушевская, ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі бас маман М. Мусанов жауап берді. Кеңес қатысушыларына пайдалы ақпаратты «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы жинақтау бөлімінің бастығы Г.Бейсембаева ұсынды, ол сараптамаға өткізілетін құжаттаманың жиынтығы жайында кеңінен айтып өтті. Сараптамалық қызметті жетілдіру аясында «Мемсараптама» РМК-нің аймақтық бөлімшесі жобалау-құрылыс кешені қатысушыларының өзара әрекеттестік процессін жетілдіру, ортақ қызметті үйлестіру, маңызды мәселелерді талқылау және келешектегі міндеттерді айқындау сынды алға қояды, осындай шараларды жаңа формаларды пайдалана отырып тұрақты түрде өткізу жоспарланған.