Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Тапсырыс берушілерге арналған семинар

2015-05-05
Тапсырыс берушілерге арналған семинар
2015 жылғы 4 мамыр күні Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, Тапсырыс берушілер, жобалаушы ұйымдардың өкілдері және ведомстводан тыс кешенді сараптаманы орындаушылар болып табылатын «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалы, «Алматы облысының экология басқармасы» ММ, «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «Алматы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» ММ қатысуымен бірлескен кеңес өткізілді. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын қолданысқа енгізілуіне қатысты туындайтын мәселелер талқыланды.