Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ұлы Жеңіс мейрамы қарсаңында

2015-05-12
Ұлы Жеңіс мейрамы қарсаңында
Ұлы Жеңіс мейрамы қарсаңында
Жыл сайын 9 мамыр біздің ел үшін аса маңызды күн болып табылады, себебі бұл Жеңіс күні! Барлығымыз үшін Жеңіс күні – халық ұлылығының шыңы, фашизмді ойсырата жеңген жауынгерлер ерлігін мәңгілік есте сақтау. Бұл мейрам туған жердің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында біріккен ұлт пен ұлыстардың мейрамы. Біз барлығымыз жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштық үшін жандарын қиған аталардың алдында қарыздармыз. Олардың ерлігі мен батырлығы әрқашан Отан алдындағы адалдықтың, орасан ерліктің үлгісі болып қала бермек. Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 2015 жылғы 8 мамыр күні «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Баранов Михаил Васильевичті құттықтады. Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау бойынша жалпыұлттық акциясы аясында, «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының ұжымы бір күндік жалақының 50% мөлшеріндегі ақшалай қаражатты «Алматы облысының ардагерлері» қоғамдық қорының есеп шотына аудару жөніндегі шешімке келді.