«Мемсараптама» РМК-ның Қостанай облысы бойынша филиалында 2015 жылғы 20 наурызда Наурыз мейрамын атап өтті. Наурыз мейрамына ұйым қызметкерлері қызу дайындалды. Әр түрлі тақпақтар, ұлттық тағам, халық әндері, әдет-ғұрыптар жайында айтылды. Сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Сұрақтар ұлттық-тағамдар, әдет-ғұрыптар, әр түрлі заттар мен жабдықтардың аттары жайлы болды. Соңында барлығына наурыз көже берілді. Қызықты мейрам ұлттық тағамға толы және ізгі тілектермен ақ дастархан басында жалғасты.