Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сыбайлас жемқорлықтың және сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлардың алдын алу бақылауын күшейту» тақырыбында сараптама тапсырысшыларымен жиналыс

2015-06-29
«Сыбайлас жемқорлықтың және сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлардың алдын алу бақылауын күшейту» тақырыбында сараптама тапсырысшыларымен жиналыс
«Сыбайлас жемқорлықтың және сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлардың алдын алу бақылауын күшейту» тақырыбында сараптама тапсырысшыларымен жиналыс
2015 жылғы 29 мамырдағы «Мемсараптама» РМК-нің республикалық жиналысының хаттамасын орындау мақсатымен және 2015 жылғы 01 маусымдағы онда қабылданған «Сыбайлас жемқорлықтың және сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлардың алдын алу бақылауын күшейту» шешіміне сай, 2015 жылдың 20 маусымында «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлықтың және сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлардың алдын алу бақылауын күшейту» тақырыбы аясында жиналыс өткізілді. Жиналысқа құрылыс жобасының тапсырысшылары мен салалық сараптама қызметкерлері қатысты. «Мемсарапатма» РМК-нің БҚО бойынша филиалының директоры – Бауыржан Болат-ұлы Сейтқали «бір терезе» қағидасы туралы кешенді сараптама жүргізуді тағы бір мәрте түсіндірді. 2015 жылдың 1 қаңтары мен 31 мамыры аралығындағы өндірістік қызметтің негізгі көрсеткіштері жөнінде «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Александр Алексеевич Горшков айтты. Жинақтау бөлімінің басшысы – Башбаева Миргуль Елшимбековна кешенді сараптама жүргізудің бизнес – процесін көрсетіп, тапсырысшыларға ақпарат берді. 2015 жылдың 1 маусымынан бастап саладағы құрылыс өнімдерінің баға айналымын қалыптыстыруды ресурстық тәсілге көшіру жөнінде өндірістік бөлімнің басшысы - Владимир Васильевич Кобин баяндады. Сыбайлас жемқорлықтың және сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлардың алдын алу бақылауын күшейту үшін 2015 жылдың 1 маусымынан бастап, сыбайлыс жемқорлықтың қарсы шаралар, құқықтық актілер мен нормативтік әдебиеттерді өздігінен түсіндіру мақсатында, сарапшылар мен тапсырысшылар, жобалаушылар арасындағы жеке байланысты жою шешімі қабылданды. Жобаны қарастыру кезінде даулы жағдайлар туындаған жағдайда, тек директордың рұқсатымен ғана сарапшымен жеке байланысқа рұқсат беріледі. Осыған орай, «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының қызметкерлерімен сөйлесу үшін тапсырысшыларға ғаламтормен (скайп, бейнеқоңырау және т.б.) және ішкі байланыс телефонымен жабдықталған арнайы бөлме дайындалды.