2015 жылғы 23-ші ақпан мен 3-ші сәуір аралығында «Мемсараптама» РМК-нің Алматы қаласындағы филиалы базасында «Мемсараптама» РМК-нің оңтүстік филиалдары сарапшыларын құрылысты ақпараттық модельдеу BIM (building information modeling) технологиясын жүзеге асыратын Autodesk Revit және Autodesk Navisworks заманауи бағдарламалық өнімдеріне оқыту бойынша бағдарлама өткізілді.
Бағдарламаның мақсаты – заманауи технологияларды, сонымен қатар жобалардың сапасын жоғарылату мүмкіндіктерін оқуға ұмтылу.
BIM технологиясы:
1. Ғимараттың немесе имараттың сандық көшірмесін алуға;
2. Жобаға жылдам өзгерістер енгізуге;
3. Көлемдердің ерекшеліктері мен тізімдемесін беруді автоматтандыруға;
4. Сызбаларды рәсімдеудің мерзімін қысқартуға;
5. Бірыңғай модель бойынша ортақ жұмысты ұйымдастыруға;
6. Қиылыстарға тексеріс жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқыту барысында сарапшылар шынайы құрылыс объектілерінің модельдеріне негізделген әртүрлі қиындықтағы өзіндік жұмыстарды орындады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға халықаралық үлгідегі Autodesk сертификаттары берілді.