Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша дәріс

2015-04-17
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша дәріс
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша дәріс
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша дәріс
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша дәріс
Елбасының «Нұрлы жол» атты Жолдауы және Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Нұр Отан» партиясымен «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын» қабылдауы аясында, «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының 2015 жылға арналған Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2015 жылғы 17 сәуір күні филиал қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша дәріс оқылды. «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы партиялық бақылау бойынша инспектор Байдельдинова Ғалия Жолдыбайқызы «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының маңызды мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Ғ. Байдельдинова өз баяндамасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан мемлекеттік саясатының және Президент Н. Назарбаевтың стратегиялық басымдылы болып табылатындығын атап өтті. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекет ішіндегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді, азаматтардың, сондай-ақ жалпы қоғамның құқықтары, бостандықтарын және заңды қызығушылықтарын қылмыстық көріністерден қорғалуы деңгейін жоғарлатады. Жаңа бағдарлама мемлекет пен жалпы қоғамның күш-жігерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы біріктіруге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке азаматтық қоғамды, бизнес-қауымдастықты кеңінен тартуды, мемлекеттік органдар қызметін бақылауды күшейтуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруді, мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг жасауды, қоғамда жемкорлықты қабылдамау мәдениеті мен білім беру және тәрбиелеудің барлық деңгейлерінде жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыруды ескереді. Бағдарлама төрт базалық қағидаттар негізінде құрылған: жүйелік қағидаты, айқындық, ашықтық және есептілік қағидаты, тең құқықтық әлеуметтік серіктестік қағидаты. Аталған Бағдарламаның маңызды тәсілдемесі жемқорлық салдарларымен күрес емес, оның себептері мен жағдайларын жоюға акцент болып қала бермек. «Жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік» тақырыбындағы баяндаманы «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының жетекші маманы Г. Бейсембаева оқыды. «Бүгінде мемлекеттік орган қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық жағдайларының қандайда бір фактілеріне қарсы іс-қимылы басты тапсырма болып табылады, сондықтан біздің болашақтағы мақсатымыз Елбасының аталған бағытта қойған тапсырмаларын орындау» - деді баяндамашы өз сөзінде. Дәріс соңында қорытынды жасалды және «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалында құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде мемлекеттік сарапшылармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауына жол бермеу бойынша жұмыстар жасалатындығы белгіленді.