Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі «Бір терезе» принципі бойынша күшіне енетіндігі туралы ақпарат.

2015-04-28
«Мемсараптама» РМК, әлеуетті тапсырысшылар мен жобалау ұйымдарын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі №299 бұйрығымен бекітілген құрылысқа арналған техника-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаға, сондай-ақ қаржыландыру көзіне қарамастан қолданыстағы ғимараттар мен имараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялар, кеңейтулер, техникалық қайта қаржыландыру, жаңғырту және күрделі жөндеу) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі 2015 жылдың 01 мамырынан бастап күшіне енетіндігін хабарлайды. Жоғарыда аталған Тәртіп құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін «Бір терезе» принципімен салалық және ведомстволық сараптаманың қатысуымен орнатады. Тәртіп Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілеріне бірдей міндетті болып табылады.