Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сарапшыларды BIM технологиясына оқыту

2015-04-17
Сарапшыларды BIM технологиясына оқыту
Сарапшыларды BIM технологиясына оқыту
Сарапшыларды BIM технологиясына оқыту
2015 жылғы 23-ші ақпан мен 3-ші сәуір аралығында «Мемсараптама» РМК-нің Алматы қаласындағы филиалы базасында «Мемсараптама» РМК-нің оңтүстік филиалдары сарапшыларын құрылысты ақпараттық модельдеу BIM (building information modeling) технологиясын жүзеге асыратын Autodesk Revit және Autodesk Navisworks заманауи бағдарламалық өнімдеріне оқыту бойынша бағдарлама өткізілді. Бағдарламаның мақсаты – заманауи технологияларды, сонымен қатар жобалардың сапасын жоғарлату мүмкіндіктерін оқуға ұмтылу. BIM технологиясы: 1. ғимараттың немесе имараттың сандық көшірмесін алуға; 2. жобаға өзгерістерді дереу енгізуге; 3. көлемдердің ерешеліктері мен тізімдемесін беруді автоматтандыруға; 4. сызбаларды рәсімдеудің мерзімін қысқартуға; 5. бірыңғай модель бойынша ортақ жұмысты ұйымдастыруға; 6. қиылыстарға тексеріс жүргізуге мүмкіндік береді. Өздеріне деген жаңа ортада жұмыс жасау барысында «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының сарапшылары жұмыстың өнімділігін арттыруда айтарлықтай потенциалды ескерді. Оқу процессі барысында сарапшылар шынайы құрылыс объектілерінің модельдеріне негізделген әртүрлі қиындықтағы өзіндік жұмыстарды орындады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға халықаралық үлгідегі Autodesk сертификаттары берілді.