Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ағымдағы бағада құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізумен құрылыстағы баға белгілеу жүйесінде жүргізіліп жатқан реформа аясында семинар-кеңестер жоспарланды. Осыған орай, жүргізіліп жатқан жұмыстардың принциптік негіздерін түсіндіру және Қазақстанда бастау алған құрылыс саласындағы баға белгілеу жүйесінің реформасы аясында «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалында 2014 жылғы 3 қазан күні Қазақстан Республикасындағы құрылыста баға белгілеу жүйесін реформылау бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинар жұмысына «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Құрылыстағы баға белгілеу орталығының құрылыс ресурстарының бағаларына мониторинг және талдау бөлімінің бастығы А.Тлеуберлина, Алматы облысының ірі өндірушілері мен жабдықтаушылары және «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы құрылыстағы баға мониторингы бойынша жетекші маман А.Омарбеков қатысты.