Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс

2014-11-07
«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»  тақырыбында дәріс
2014 жылғы 6 қарашада филиал қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өткізілді, онда сыбайлас жемқорлық туралы мәселелер талқыланды. Жетекші маман Г.Бейсембаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының нормалары, Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңнамасының нормаларын түсіндіріп өтті. Шара соңында қорытындылар жасалды және сыбайлас жемқорлық, еңбек тәртібін бұзу фактілеріне қатысты табандылық пен төзімсіздік таныту, құпия ақпаратты жирияламау, лауазымдық міндеттерді сапалы орындау, ұжымда моральды-психологиялық жағдайдың бұзылуына жол бермеу сынды шешімдер қабылданды.