Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мониторинг бөлімі қызметкерлерімен және сметалық құжаттама бойынша сарапшылармен республикалық семинар

2014-11-03
Мониторинг бөлімі қызметкерлерімен және сметалық құжаттама бойынша сарапшылармен республикалық семинар
Қазақстанда құрылыс саласында баға жасау жүйесінің реформасы аясында 2014 жылғы 31 қазанда «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің сметалық құжаттамаларымен жұмыс істейтін сарпшылар мен мониторинг бөлімінің мамандарымен республикалық семинар мәжіліс өткізілді. Семинар жұмысында «Мемсараптама» РМК филиалдарының қызметкерлері, «ҚазҚСҒЗИ» баға жасау орталығының директоры Б.Б.Жанузаков қатысты. Ол баға жасау жүйесі реформасының өтпелі кезеңінде кездесетін мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар мәжілісте мониторинг бөлімінің жұмысында кездесетін негізгі проблемалар талқыланды, бөлім бастығы С.Н.Тлегенов прайс-парақтар бойынша қабылданған ресурстардың құнын қарау барысында кездесетін көптеген қателерді атап өтті. «Мемсараптама» РМК мониторинг бөлімі бастығының орынбасары А.Ж.Танбетов материалдар, бұйымдар, конструкциялар және жабдықтар деректер базасын қалыптастыруға қатысты алдағы жұмыспен таныстырды. Сметалық құжаттама мәселелері бойынша бас директордың орынбасары Л.П.Клевчик және «Мемсараптама» РМК әдістеме бөлімінің сарапшысы Е.А.Рихтер сөз алды. Мәжілісте «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындыларды жиыстыру барысында жиі кездесетін кемшіліктер мен қателер туралы айтылды. Семинардың қатысушыларымен сараптамалық сүйемелдеу тәртібінде түсетін нысандар, түзетуге келетін жобалар бойынша сметалық құжаттамаларға сараптама жүргізу барысында кездесетін проблемалы мәселелер талқыланды. «Мемсараптама» РМК Ақмола облысы бойынша филиалынан сарапша Л.Н.Бушуева қатысты.