Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі»

2014-12-15
Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі»
Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі»
Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі»
Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі»
Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі»
Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында (бұдан әрі – филиал) іс жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшірудің 2014 жылға арналған Жоспарын орындау үшін, филиал осы жылғы 11-12 желтоқсанда филиал қызметкерлері қатысқан Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «ТІЛДЕР ШЕРУІ» атты іс-шаралар өткізді. Іс шаралар екі кезеңнен тұрып, біріншісі ақпараттық-бақылау әдісте, дәріс-сұхбат, тест тапсырмаларын орындау және бейне-ролик көрсетумен өтті. «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» ҚР Заңында: «Тіл халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі. Тілдің дамуы ұлттық мәдениеттің тұтас өркендеуімен тығыз байланысты, және осы тұрғыдан тіл өзінің қоғамдық функциясын атқаруда» - делінген. Нақ осы сөздер Тілдер шеруін өткізуден бастау алып, филиалдың жетекші маманының (аудармашы) баяндамасына арқау болды. Дәріс-сұхбатта ҚР мемлекеттік тілі қалыптасуының құқықтық негіздері, Қазақстан халықтарының тілдері күнінің шығу тегі, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда филиалдың жетістіктері жөнінде сөз етіліп, Президентіміздің 2014 жылғы Жолдауының «Тіл туралы» үзіндісі көрсетілген бейне-ролик тамашалаумен жалғасты. Филиал қызметкерлеріне өтіп кеткен мерзім нәтижелері бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтап, мониторинг жүргізу мақсатында мәтіндік және лексика-грамматикалық құрылымға тест тапсырмалары әзірленіп, таратылды. Тест тапсырмаларының нәтижелері іс шара өткізудің екінші күнінде әйгі етілді. Тілдер шеруінің екінші күні филиалдың барлық қызметкерлері қатысқан «Құрылыс терминдерінің үздік аудармашысы» байқауын өткізумен жалғасты. Байқау мемлекеттік тіліндегі құрылыс терминологиясы біліміне, 3 турда: Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің атауларын аудару, құрылыс терминологиясы бар мәтінді аудару, «Құрылыс терминологиясы» ҚР ҚНжЕ 1.01-32-2005 сай құрылыс терминдерді аударуда өтіп, 1-ші, 2-ші, 3-ші жүлделі орындарға ие болғандарды анықтайтын қазылар алқасымен бағаланды. Қосымша ретінде қатысушыларға келесі номинациялар бойынша сыйлықтар мен мадақтамалар берілді: «Қаһарлы сөз – қамал бұзар», «Туған тілім – тіршілігімнің айғағы», «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі ісімде».