Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және өңірдегі ономастика мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг

2014-12-02
«Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және өңірдегі ономастика мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг
14 жылдың 28 қарашасында Іс жүргізуді кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру Жоспары шеңберінде, жетекші маман (аудармашы) А.М. Иманбаева Ақтөбе қалалық әкімдігі мен «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен «Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және өңірдегі ономастика мәселелері» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты. Ғылыми-әдістемелік семинарды қала әкімінің орынбасары А.А.Арынғазиева ашып, кіріспе сөз сөйледі. Семинар Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Тілешов, Астана қаласы Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы А.Шоқаева және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры, филология ғылымдарының кандидаты Б.Қапалбектің, сондай-ақ өңіріміздің ғалым-профессорларының қатысуымен өткізілді. Аталмыш семинарда «Ономастикалық атаулар таңдаудың тарихи және елдік негіздері», «Іс жүргізудің негізгі мәселелері: құжат рәсімдеу және аударма ерекшеліктері», «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі», «Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді жүйелеу жолдары» және де т.б. тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, семинар жұмысына Батыс өңірінің мекеме, кәсіпорын басшылары, ғылыми орталықтар мен шығармашылық қауымдастық өкілдері, оқытушылар, тіл мамандары мен аудармашылар шақыртылды. Семинар-тренингте ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, құжаттармен жұмыс жасау және ономастикалық нысандарға атау беруді сындарлы, оның басты қағидаттарын айқындау мәселелері кеңінен талқыланды. Семинар соңында тренингке қатысушыларға аудио-дискілер, оқу-әдістемелік жинақтар, оның ішінде Атырау облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы таратылды. Семинар–тренинг тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Құлбатырдың баяндамасымен қорытындыланды.