Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Батыс өңірі бойынша бірлескен семинар-кеңес

2014-10-27
Батыс өңірі бойынша бірлескен семинар-кеңес
Батыс өңірі бойынша бірлескен семинар-кеңес
Батыс өңірі бойынша бірлескен семинар-кеңес
ҚР ҰЭМ Құрылыс, ТҮШ істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – Комитет) құрылыс саласында реформа жүргізуді жүзеге асыру жұмыстарының түбегейлі негіздерін түсіндіру мақсатында 2014 жылғы 24 қазанда Ақтөбе қаласында Комитет төрағасының кеңесшісі Н.П.Тихонюк және Ақтөбе облысының Әкім орынбасары Р.К. Кемалованың төрағалығымен «Мемсараптама» РМК, Батыс өңірінің әкімдіктері, мердігерлік және жобалау мекемелері (Ақтөбе, Атырау, Орал, Ақтау қалалары) қатыстырумен бірлескен семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңес құрылыс саласындағы техникалық басқару мәселелері, құрылыста баға белгілеуді реформалау, халықтың аз қамтылған тобының ғимараттар мен құрылыстарға қол жетімділігі, мемлекеттік қабылдауды қайта құру және құрылыс материалдарын Қазақстан Республикасының сметалық-нормативтік базасына енгізу мәселелерін қамтып, ол жөнінде: «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры – М.Н. Алпысбаев, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыстағы баға белгілеу орталығы директоры – Б.Б. Жанұзақов, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыстағы баға белгілеу орталығының құрылыс қоры бағаларына мониторинг жүргізу және талдау бөлімі басшысы – А.О. Тлеуберлина, «Мемсараптама» РМК бас директоры орынбасары – Е.Ж. Едресов, «Мемсараптама» РМК бас директоры орынбасары – Л.П. Клевчик, ҚР ҰЭМ Құрылыс, ТҮШ істері және жер ресурстарын басқару комитетінің бас сарапшысы – И.А. Тулесов, сонымен қатар құрылыс және ТҮШ облыстық басқармалар басшылары, Ақтөбе облысы аудандық әкімдері орынбасарлары, аудандық және қалалық құрылыс бөлімдері басшылары, МСҚҚ, «Мемсараптама» РМК филиалдары өкілдері, жобалау және мердігерлік мекемелер сөз етті. Сонымен бірге, дөңгелек үстел тәртібінде өткен семинар-кеңес қатысушылары үлгілік және жеке жобалар мәселелері, ЖСҚ-ны қараусыз қайтару, объектілерді нақты жауапкершілік деңгейге жатқызу, және құрылысқа жоба алды, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзету жөніндегі мәселелер талқыланып, оларға Комитет және «Мемсараптама» РМК өкілдері жауап берді. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы аталмыш семинар-кеңес ұйымдастыруда қолғабыс еткен Ақтөбе облысының Әкіміне шексіз алғысын білдіреді.