Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттері қатысуымен Өңіраралық ынтымақтастықтың XI Форумы өту аясында, Атырау қаласында «Салтанат сарайы» ғимараты салынды. Ғимараттың ауданы 6000 м2, оның ішінде: 2 қатарлы, дөңгелек, цоколь қабатымен және бірқатарлы, төртбұрышты, цоколь қабаты және паркинг пен 300 орындық мейрамханасы бар. Сондай-ақ, ғимарат аймағының абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: төсемтастар салынып, газон және әр түрлі ағаштар отырғызылды.
Ғимарат құрылысы үстіміздегі жылдың 17 ақпанында басталып 7 айға созылды. «Салтанат сарайының» құрылысына жиырмадан астам компания және 350 адам тартылды. Нысан 2014 жылғы қыркүйек айының 25-де пайдалануға тапсырылды.
Форум өткеннен соң ғимарат қалалық АЖАТ (азаматтық жағдай актілерін тіркеу) болып пайдаланады. Мұнда мерекелік және неке қию салтанаттарына арналған екі залы да бар.