Құрметті Бөкей Бақытжанұлы!
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы ұжымы «Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі» жоғары атаққа ие болуыңызбен құттықтайды! Шаңырағыңызға құт-береке, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, отбасыңызға - амандық, денiңізге - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманыңыз - асқақ, шығар биiгіңіз асқаралы болсын!
Ізгі тілектермен, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы ұжымы