Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2014-07-24 күнінлені Республикалық семинарға қатысу ревизиясы

2012-06-26
Республикалық семинарға қатысу
Республикалық семинарға қатысу
Республикалық семинарға қатысу
Республикалық семинарға қатысу
Мамандардың біліктілігін көтеру жөніндегі бекітілген Ережесіне сәйкес, 2014 жылдың 20-23 маусым аралығында инженерлік жүйелер мен желілердің сарапшыларына арналған Алматы қаласында өткен Республикалық семинарға біздің филиалдың Шапабаева Л.П. және Садчикова Е.М. мамандары да қатысты. Семинардың негізгі тақырыптары: - 31.05.2012 ж. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары өткізген кеңестің хаттамасына сәйкес, отандық өндірушілердің құрылыс материалдары мен бұйымдарын, инженерлік және технологиялық жабдықтарды жобаларда пайдалануды бақылау; - энергия тиімділігі мен энергия сақтау. Семинардың бағдарламасына сәйкес инженерлік қамтамасыз ету саласындағы жаңа технология, тауарлар мен жабдықтардың түсау кесері өтті. Бұл қазақстандық және шетелдік өндірушілердің тауарлары мен жабдықтары: «Буран-Бойлер» ЖШС – қазан жабдықтары мен блок-модульді қазандар, «Виссман» (Германия) - қазан жабдықтары, «КазГеоСинтетика» ЖШС – гидротехникалық құрылымдарда, сұйыққоймаларда гидрооқшаулау материал ретінде пайдаланатын синтетикалық тауарлар, «Сигметекс» ЖШС (Қазақстан-Британдық бірлескен кәсіпорны) – Қазақстанда құрастырылған төзімді шойыннан жасалған жапқыштар, «Нұрсұлу Плюс» ЖШС – ашық және жербетіндегі су көздерінің суын тазарту технологиясы мен оны қолдануы. Семинарда газбен жабдықтау жүйелерін жобалау мәселелері көтеріліп талқыланды.