Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Дөңгелек үстел"

2014-02-07
"Дөңгелек үстел"
"Дөңгелек үстел"
"Дөңгелек үстел"
Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің кеңейтілген алқа мәжілісі шешімін жүзеге асыруда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және сараптамалық қызметті одан әрі жетілдіру аясында 2014 жылғы 7 ақпан күні «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің өзекті мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар: тапсырысшылар (бюджеттік бағдарламалар әкімшілері), өңірдің жобалау ұйымдары, Алматы облыстық жобалау, жобалау-ізденіс ұйымдарының ассоциациясы. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Шымбаев «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының 2013 жылдағы қызметінің қорытындылары туралы» тақырыбында баяндама оқыды. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылған негізгі мәселелер. «Дөңгелек үстел» барысында келесі мәселелер талқыланды: жобалардың сапасын арттыру, жобалау-сметалық құжаттама жиынтығы, мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімін қадағалау, мемлекеттік сараптама жүргізу барысында құрылыс жобаларындағы қазақстандық қамтудың барынша ұлғаюын қамтамасыз ету. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау нысандарын жауаптылық деңгейіне жатқызу бойынша, сондай-ақ жобалау-ізденіс жұмыстарын жүзеге асыруға лицензиялардың категориялары бойынша күрделі мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, Нұрлан Шымбаев талаптарға сәйкес «Мемсараптама» РМК жүйесінде заманауй технологиялар мен жаңа жүйелер енгізіліп жатқандығын атап өтті. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы өндірістік бөлімінің сараптамалық құжат айналымы секторының бас маманы Мейрам Мусанов «Мемсараптама» РМК электронды қызмет порталында жобалау құжаттамасын және/немесе инженерлік ізденіс нәтижелерін, сонымен қатар күрделі құрылыс нысанының сметалық құнын анықтау дәлелділігін тексеруге сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға тапсыру барысында мәлімдеушімен интерактивті әрекеттестік ұйымдастыруға арналған барлық процессті көрсетті. «Дөңгелек үстел» барысында жобалау-сметалық құжаттаманы электронды түрде қабылдау бойынша бейнебаянның тұсаукесері көрсетілді. Жобалау-сметалық құжаттаманы электронды қабылдау қызметі арқылы жобалау ұйымдары мен тапсырысшылар құжаттарды сараптамаға жібере алады. Аталған қызмет түрін пайдалану үшін электрондық сандық қолтаңба алу қажет. Жарыссөзге Алматы облыстық жобалау, жобалау-ізденіс ұйымдары ассоциациясының Төрағасы Александр Аникин, «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы Сергей Салагаев және тағы басқалар қатысты.