Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ұлыстың Ұлы мерекесі.

2014-03-22
Ұлыстың Ұлы мерекесі.
Ұлыстың Ұлы мерекесі.
Ұлыстың Ұлы мерекесі.
2014 жылдың 20 наурызында «Мемсараптама» РМК-нің Павлодар облысы бойынша филиалында Наурыз мерекесі тойланды. Ұлыстың ұлы күніне ұжым қызметкерлері алдын-ала қызу дайындалды. Ұлттық киім, тағам түрлері, халық биі, салт-дәстүрлері іріктеліп алынып дайындық жұмыстары жүргізілді. Мерекені ұжым қыздары ұлттық киімде билеп шығып көпшілікке шашу шашып ашты. Одан кейін мың бұралып халық биі «Қамажайды» билеп берді. Әжесі келіп немересін бесікке бөледі. «Тұсау кесер» рәсімі де көрсетілді. Кәсіпорын қызметкерлерінің ұлттық ұғымдарын білу, тану және кеңейте түсу мақсатында викториналық сұрақтар қойылды. Сұрақтар ұлттық тағам, ұлттық киім, салт-дәстүр, құрал-жабдықтардың ескі атауларына арнап құрастырылды. Соңында көпшілікке наурыз көже таратылды. Қызықты мерке ұлттық тағам түріне толы дастарханмен жалғасып, қымыз ішіп тарқастық.