Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2014 жылы мемлекеттік сатып алуды заңнамалық реттеуге шолу және оның өзгерістерін қарастыру

2014-02-19
2014 жылы мемлекеттік сатып алуды заңнамалық реттеуге шолу және оның өзгерістерін қарастыру
2014 жылдың 13-14 ақпан аралығында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне 2014 жылға арналған біліктілігін көтеру Жоспары шеңберінде Алматы қаласында филиалдың бас маманы (есепші, мемлекеттік сатып алу бойынша) Уразбаева Л.Қ. «2014 жылы мемлекеттік сатып алуды заңнамалық реттеуге шолу және оның өзгерістерін қарастыру» тақырыбында «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС ұйымдастырып өткізген семинарға қатысты. Семинар заңгер, «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналдың авторы Ольховая С.В. басшылығымен өтіп, оқыған дәрісінде мемлекеттік сатып алудың негізгі ұғымы көрсетіліп, байқау тәсілімен, бір көздік тәсілмен мемлекеттік сатып алуды, баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолданумен жабдықтаушыны таңдау, аукцион, тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алулар жүргізу және т.б. қарастырылған болатын. Алайда, семинардың басты тақырыбы 2014 жылы мемлекеттік сатып алуды жүргізуге қатысты нормативтік-құқықтық актілерінің өзгерістері жөніндегі мәселелер еді. Сонымен қатар, дәріс оқушы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау тәртібі жайында мәселелер қозғады. Дәріс барысында түрлі қызмет салаларында жұмыс істейтін семинар қатысушылары дәріскердің жұмыс тәжірибесіне қатысты сұрақтар қойып отырды. Семинар соңында барлық тыңдаушыларға тиісті куәліктер берілді.