Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің Ақтөбе филиалы Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы өткізген дөңгелек үстелге қатысты

2014-01-23
«Мемсараптама» РМК-нің Ақтөбе филиалы Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы өткізген дөңгелек үстелге қатысты

2014 жылғы 17 қаңтарда «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының өндірістік бөлім бастығы Т.Ж.Табылдин және конструкторлық секторының бас маманы Б.К.Қалменов Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы «Жобалау-іздестіру, инжиниринг қызметі, құрылыста қолданылатын стандарттар мен техникалық нормаларды жетілдіру және техникалық құжаттаманы келісу, кадрларды дайындау мәселелері» тақырыбына ұйымдастырып өткізген дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысының жетекші жобалау мекемелері мен «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті» ММ-нің басшысы Б.А.Пірімбетов қатысты.
Іс шара өткізу барысында жобалау-іздестіру және инжиниринг қызметтері, құрылыста қолданылатын стандарттар мен нормаларды (СанЕжН, ҚНжЕ және т.б.) жетілдіру, мемлекеттік органдарымен келісу тәртібінің өзекті мәселелері талқыланып, кадрларды дайындау және қатысушыларды қызықтырар өзге де мәселелер қарастырылды.
Дөңгелек үстелдің нәтижелері бойынша заңнама мен техникалық нормаларды жетілдіруге қатысты ұсыныстар алдағы уақытта ҚР Үкіметіне жолдау үшін берілді.