2013 жылдың 20 қыркүйегінде Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдері күніне арналған «Тілге құрмет- елге құрмет» фестивалі өті. Фестивальдің ұйымдастырушысы – «Мемсараптама» РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалының ұжымы болып табылады.
«Мемсараптама» РМК-ның СҚО бойынша филиалынан - Федченко Мария Владимировна, Нечаев Иван Иванович, Абдуллаева Аминат Абубакаровна, Жанботина Анара Кеңелдіқызы қатысты.
1 тур. М.Қанғожиннің «Қызылжарым жаңа ғасыр көшінде» атты өлеңін мемлекеттік тілде оқу.
2 тур. «Uroda» (Әдемілік) польша ұлттық әнін орындау;
3 тур. Веналық вальс орындау.
Біздің қатысушылар «Веналық вальсті жақсы орындау» номинациясы бойынша құрмет дипломымен марапатталды.