Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі семинар

2013-10-28
Ақпараттық қауіпсіздік  жөніндегі семинар
«Мемсараптама» РМК Ақмола облысы бойынша филиалында біліктілік арттыру жоспары шегінде біріктірілген менеджмент жүйесіне жауапты жетекші маманы 2013жылғы қазан айының 21-23 аралығында Алматы қаласында «ISO/IEC 27001:2005 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын дайындау» тақырыбы бойынша болған семинарға қатысты. Семинарды «Қазақстандық сапаны ұйымдастыру» ЖШС кеңесшісі С.Б.Тоқаева өткізді. Теоретикалық емтихандарды ойдағыдай тапсырған соң қатысушылар «ISO/IEC 27001:2005 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйесінің ішкі аудиторлары» деген аттестациядан өтіп, растайтын тиісті сертификаттарын қолға алды. ISO/IEC 27001:2005 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес оқу курс-семинарында келесі тақырыптар қаралды: 1.Ақпаратттық қауіпсіздік саласында ұйымдастыру проблемалары. Ақпаратттық қауіпсіздікте процестік әдіс және менеджмент тәуекелі. АҚМЖ құру (ақпаратттық қауіпсіздік менеджмент жүйесі). АҚМЖ құжаттамалары мен жазбалары. Ресурстар менеджменті. АҚМЖ енгізу және қолдану. АҚМЖ талдау және мониторингі. АҚМЖ ішкі аудитін өткізу. 2. Адам ресурстарының қауіпсіздігі. Жеке тұлғаның қауіпсіздігі және қоршаған ортадан қорғау. Ақпараттық жүйелерді сатып алу, толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздіктің инциденттерін бақылау, басқару. Сонымен қатар, ИСО 19011:2011 халықаралық стандарты талқыланды.