Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ашық есік күні

2013-12-17
Ашық есік күні
«Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы жұмыстарын жеделдету үшін, Алматы қаласына жақын орналасқан, соның ішінде Қарасай, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Талғар жекеленген аудандарын қабылдау үшін Қарасай ауданынан өкілеттік ашты. Бұл кеңседе тапсырысшылар мен жобалаушы ұйымдар өздерінің күрделі жөндеу нысандары бойынша жобалау- сметалық құжаттамаларды тапсыра алады, соның ішінде аудан бөлімдерінің бағдарлама әкімшіліктерінен болады. Алматы облысы, Қарасай ауданындағы, Шұғыла ауылы, Жуалы көшесіндегі №1 («Премьера» шағын ауданы) мекен-жайында «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы ұйымдастырумен «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай ауданындағы өкілеттігі 2013 жыл желтоқсанның 14 күні «Ашық есік күні» мерекелік іс-шараларын өткізді. Мерекелік іс-шараларда филиалдың басшылары, Қарасай ауданының әкім орынбасары С.М. Кикимов, Алматы облысы Қарасай, Жамбыл, Райымбек және Іле аудандарының құрылыс, білім беру, тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылығы және мәдениет бөлімдерінің басшылары және Алматы қаласының жобалаушы ұйымдары қатысты.