Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы облысы бойынша РМК «Мемсараптама» филиалы және «МСҚБ және Л» ММ-мен бірлесе өткізген сарапшылар кеңесінің № 11 хаттамасы

2013-12-13
Алматы облысы бойынша РМК «Мемсараптама»   филиалы және  «МСҚБ және Л» ММ-мен бірлесе өткізген сарапшылар кеңесінің  № 11 хаттамасы
Қатысқандар: Молдыбаева Ж.Ж. – директор м.а. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы- төрайым, Даулетханов С.С. – «МСҚБ және Л» ММ Алматы облысы бойынша, Евтушевская Т.Н. – өндірістік бөлім бастығы «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы, Балаганский А.С. – «Элитстрой Проект» ЖШС-өкілі, Анкежанова Ж.К., Аринбекова А. – «Алматы облысының денсаулық басқармасы» ММ өкілдері, Кусаинова Ж.З. –«Темирказык-Стройпроект» ЖШС өкілі, Мухамет Л.Ж. – «НҰР-ШАПАҒАТ-ПРОЕКТ» ЖШС өкілі, Накипов Е. –ЭнергоРемСервисАлатау» ЖШС, сарапшылар – Шульгина Л.А., Карабут Т.С., Аяпбергенова З.А., Сосина О.В., Полищук Л.А., Омарбеков А.К., Селютина О.А., Шидербаева Ф.М., Туменбаев Ж.К. – бас маман - заңгер. Күн тәртібі: 1. «Алматы облысы, Талғар ауданы, Алматы-Талғар трассасының бойы, "Думан" шағын ауданының шағыс мекен жайында орналасқан "Алма Тау" тұрғын кешенінің құрылысы» ЖЖ бойынша сараптамалық жұмыстарының жағдайы туралы (2013 жылғы 31-қазандағы № 0932 келісім шарт). Жобалаушы: «Новая Генерация» ЖШС. ___________________________________________________________________________ (Молдыбаева, Даулетханов, Евтушевская, Шульгина, Карабут, Аяпбергенова, Сосина, Балаганский) Белгіленді: Конструктивтік шешімдерінің сызбалары негізсіз ұсынылған, материал шығындарын асыра көрсету толық көлемде аяқталмаған, бас жоба бойынша құрылыс салыну тығыздығы бойынша ескертпелер бар. Шешім: 1. «Новая Генерация» ЖШС:, ТҮКШ және құрылыс істері бойынша Комитетімен бас жоспарға келісілгенше «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалына мемлекеттік сараптауды тоқтатуға хат ұсынылуы керек. 2. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалына «Новая Генерация» ЖШС хат келген күннен бастап сараптау жұмыстары тоқтатылсын. Күн тәртібі: 1. "Алматы облысы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылындағы "Ақсу орталық аудандық ауруханасы (емхана)" ШЖҚ МКК-н күрделі жөндеу" ЖЖ бойынша сараптамалық жұмыстарының жағдайы туралы (2013 жылғы 04-қарашадағы № 0943 келісім шарт) Жобалаушы: «Темирказык-Стройпроект» ЖШС. ___________________________________________________________________________ (Молдыбаева, Даулетханов, Евтушевская, Аяпбергенова, Сосина, Анкежанова, Аринбекова, Кусаинова) Белгіленді: жылу желдеткіш бөлімдері бойынша ескерпелерге жауап болмаған, Бар ғимаратқа қазандық бекітілмеген, құбырлар бойынша сызбалар ережелері сәйкес емес, бөлімдер бойынша әртүрлі окулар болу керек. Шешім: 1. «Темирказык-Стройпроект» ЖШС : жобаны түзетіп, техникалық шарттарының өзгеріне байланысты «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалына тоқтатылу жөнінде хат ұсынуы керек. 2. Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалына «Темирказык-Стройпроект» ЖШС хат келген күннен бастап сараптау жұмыстары тоқтатылсын. Күн тәртібі: 1. "Алматы облысы Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылындағы «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК күрделі жөндеуін аяқтау" ЖЖ бойынша сараптамалық жұмыстарының жағдайы туралы. 2013 жылғы 28-қазандағы № 0921 келісім шарт) Жобалаушы: ТОО «НҰР-ШАПАҒАТ-ПРОЕКТ». __________________________________________________________________________ (Молдыбаева, Даулетханов, Евтушевская, Темиргалиева, Селютина, Сосина, Мухамет) Белгіленді: СК бөлімі бойынша ескертпелерге толық жауап берілмеген . Шешім: 1. «НҰР-ШАПАҒАТ-ПРОЕКТ» ЖШС: жобаны түзетіп, жұмыс жобасы көлемінің ұлғаюына байланысты «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалына тоқтатылу жөнінде хат ұсынуы керек. 2. Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалына «НҰР-ШАПАҒАТ-ПРОЕКТ»ЖШС хат келген күннен бастап сараптау жұмыстары тоқтатылсын. Күн тәртібі: 1. "Алматы облысының Жаркент, Есік, Талғар, Қаскелен, Шелек, Шонжа, және Ұзынағаш кіші қалаларында орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту. Жаркент қаласы" ТЭН (2013 жылғы 05-қарашадағы № 0949 келісім шарт) "Алматы облысының Жаркент, Есік, Талғар, Қаскелен, Шелек, Шонжа, және Ұзынағаш кіші қалаларында орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту.Ұзынағаш ауылы" ТЭН (2013 жылғы 05-қарашадағы № 0950 келісім шарт) "Алматы облысының Жаркент, Есік, Талғар, Қаскелен, Шелек, Шонжа, және Ұзынағаш кіші қалаларында орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту. Шонжа кенті" ТЭН(2013 жылғы 05-қарашадағы № 0951 келісім шарт) бойынша сараптамалық жұмыстарының жағдайы туралы. Жобалаушы: «ЭнергоРемСтрой» ЖШС, Тапсырысшы: «Алматы облысы бойынша энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ. ___________________________________________________________________________ (Молдыбаева, Даулетханов, Евтушевская, Полищук, Шидербаева, Накипов) Белгіленді: 2013 жыл қарашаның 18 не дейін ескертпелерге жауаптар ұсынылмаған, жекелеп алсақ электр энергиясы және көлемі жоспарланған әрбір шешім бойынша ұсынылмаған, негізгі технологиялық жабдықтау тізімімен, тұтынушыларға жылу схемасы пункты бойынша олардың қуатын көрсету ұсынылмаған, жылумен жабдықтау көздерінен ағатын сулардан су бұру шешімдері бойынша ұсынылмаған ,кәріз жүйелерінің көлемдері ұсынылмаған. Шешім: 1. «ЭнергоРемСтрой» ЖШС: ТҮКШ және құрылыс істері бойынша Комитетімен бас жоспарға келісілгенше «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалына мемлекеттік сараптауды тоқтатуға хат ұсынылуы керек.. 2. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалына «ЭнергоРемСтрой» ЖШС хат келген күннен бастап сараптау жұмыстары тоқтатылсын.