2013 ж. 15 қыркүйегінде Бірінші Республикалық «Супер бухгалтер» байқауы басталған болатын. Байқаудың ұйымдастырушылары: "ИнфоТех&Сервис" ЖШС және "Параграф бухгалтер" ақпараттық жүйесі. Байқау үш кезеңнен тұрды: І және ІІ кезең - сырттай, ІІІ кезең – көзбе-көз. Барлық кезеңдерде бухгалтерлік есеп, қаржылық талдау сұрақтары бойынша тестілеу жүргізілді. Сырттай өткен кезеңдер Internet желісі арқылы өткізілді.
Бұл байқауға «Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалының бас есепшісі Бессергенева Светлана Юрьевна қатысты. Тестілеу қорытындысы бойынша ол екінші кезеңде бірінші орынды жеңіп алып, дипломмен және естелік сыйлық – планшетпен марапатталды.