Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

2013-12-18
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 22 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді Ал, Тәуелсіздіктің 22 жылдығын мерекелеудің басты мақсаты – мемлекеттілік пен Қазақстан халқы бірлігін нығайту және базалық құндылықтар төңірегінде қоғамды шоғырландыру. Осылардың негізінде тәуелсіздік пен тұрақтылықты, келісім мен бейбіт өмірді нығайту болып табылады. Осыған байланысты «Мемсараптама» РМК-нің Павлодар облысы бойынша филиалында да Тәуелсіздік мерекесін тойлау қарсаңында Викториналық сайыс өткізілді. Бұл сайысты өткізуіміздің басты мақсаты ұжымға Тәуелсіздік мерекесін, ұлттық құндылықтарымызда насихаттау. Атаулы мереке әр ұйымда, әр мекемеде әр түрлі деңгейде өткізіліп келеді, біздің ұйым бұл айтулы меркені төл мереке ретінде атап өттік. Ұжым қызметкерлері екі топқа бөлініп командалық жарыс өткізілді. Әр түрлі викториналық сұрақтар қойылып, ұлттық тағам, ұлттық киім атаулары аталып, түсініктеме берілді. Ұжым ішінен жасақталған қазылар алқасы екі топқа балдық жүйемен баға беріп отырды. Жеңген топқа марапаттау қағазымен бірге арнайы тапсырыспен жасалған кубок тапсырылды. Сайыс соңында осы сайысқа арнайы ұлттық тағамдардан әзірленген дастархан мәзірімен көңілді отырыс өтті. Үстел басында сайыс талқыланып қызметкерлер алған әсерлерімен бөлісті, көптеген ұмытылған атаулы даталар еске түсірілгені, ұлттық сипаттағы көріністердің қызықты өткені айтылды.