Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Терминдер қолданысы, оларды тіл жүйесінде тұрақтандыру және аударма мәселелері» тақырыбындағы семинар-тренинг

2013-11-25
«Терминдер қолданысы, оларды тіл жүйесінде тұрақтандыру және аударма мәселелері» тақырыбындағы семинар-тренинг
«Терминдер қолданысы, оларды тіл жүйесінде тұрақтандыру және аударма мәселелері» тақырыбындағы семинар-тренинг
2013 жылдың қарашаның 22-23 аралығында Ақтөбе қалалық әкімдігі мен «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Терминдер қолданысы, оларды тіл жүйесінде тұрақтандыру және аударма мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды, және оған «Мемсараптама» РМК-нің Ақтөбе филиалының жетекші маманы (аудармашы) А.М.Иманбаева қатысқан болатын. Семинар-тренингте аударма мәтіндегі стильдік ерекшеліктердің сақталуы, ресми ісқағаздардағы стандарт тілдік бірліктер, нормативтік құжаттардағы терминдердің аударылуы мен салалық терминологияны қалыптастырудағы қиындықтар, термин қабылдаудағы қағидаттар және терминжасам тәсілдері кеңінен талқыланды. Алынған ақпаратты әрі қарай іске асырып, термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Семинар жұмысына мекеме, кәсіпорын басшылары, сарапшылар, ғылыми орталықтар мен шығармашылық қауымдастық өкілдері, оқытушылар мен тіл мамандары шақыртылды. Мамандар терминдердің толық мәнінде нақтылы, айқын, жалпыға түсінікті болуы үшін мазмұнның сапасын арттыру жөнінде ой бөлісті. Семинар Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент мүшесі Ш. Құрманбайұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Әбдірәсілов және «Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры, филология ғылымдарының кандидаты Б.Қапалбектің, сондай-ақ өңіріміздің ғалым-профессорларының қатысуымен өткізілді. Аталмыш семинарда «Қазіргі терминжасам және термин қолданысының мәселелері», «Терминдерді қолдану тәжірибесі және оны үйлестіру жұмыстары», «Қазақстан-2050»-Стратегиясы және тілтаным мәселелеріне әлеуметтік талдау», «Аудармаға және аудармашыға қойылатын талаптар» және т.б. тақырыптар қозғалды. Семинар соңында тренингке қатысушыларға оқу-әдістемелік жинақтар, аудио-дискілер таратылып, сертификат тапсырылды.