Біліктілікті жоғарылату жоспары аясында «Мемсараптама» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының сараптамалық құжатайналымы секторының жетекші маманы, БМЖ жөнінде жауапты А.К. Жанботина «ISO/IEC 27001:2005 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын әзірлеу» тақырыбы бойынша 2013 жылғы қазанның 21-нен 23-не дейінгі аралықта Алматы қаласында болған семинарға қатысты. Семинарға «Мемсараптама» РМК филиалдарының БМЖ жөнінде жауапты мамандары қатысты.
Семинарды «Қазақстандық сапа ұйымы» ЖШС-нің кеңесшісі С.Б. Шоқаева жүргізді.
Теориялық емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін қатысушылар сертификатты растаумен «ISO/IEC 27001:2005 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің ішкі аудиторы» ретінде аттестатталды.