Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Инженерлік желілер мен құрылыстар мамандарына қазіргі MagiCAD бағдарламалық кешенін оқыту

2013-10-23
Инженерлік желілер мен құрылыстар мамандарына қазіргі MagiCAD бағдарламалық кешенін оқыту
Инженерлік желілер мен құрылыстар мамандарына қазіргі MagiCAD бағдарламалық кешенін оқыту
«Мемсараптама» РМК-ның 2011-2013 жылдарға арналған қызметін жетілдіру бойынша іс шаралар шеңберінде және бекітілген кестеге сәйкес «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің маман-сарапшылары үшін Астана қаласында қазіргі бағдарламалық кешендерге оқыту бойынша семинарлар ұйымдастырылып жүргізілуде. Семинарлар мақсаты мамандардың кәсіби дағдыларын арттыру және жобалау саласында қазіргі бағдарламалық кешендерімен жұмыс жасай білу болып табылады. Осылайша, 2013 жылғы 21 қазаннан 22-не дейінгі мерзімде «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының жетекші маманы Д.А.Бойченко Астана қаласында өткен Мәскеу қаласынан техникалық ғылымдарының кандидаты Кринецкий Евгений Викторович өткізген «MagiCad» бағдарламалық кешені бойынша оқыту семинарына қатысты. Оқыту барысында келесі тақырыптар қарастырылды: - үшбөлімді жобалауды қолдану; - Ғимараттардың ішкі инженерлік желілерінің есебі, дәлірек айтқанда, вентиляция, жылыту жүйелері, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері. Оқыту нәтижелері бойынша тестілеу жүргізіліп, алдағы уақытта тиісті куәлік беріледі.