Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласындағы Қазақстан сәулетінің республикалық фестивалі

2013-10-07
Алматы қаласындағы Қазақстан сәулетінің республикалық фестивалі
Алматы қаласындағы Қазақстан сәулетінің республикалық фестивалі
Алматы қаласындағы Қазақстан сәулетінің республикалық фестивалі
Алматы қаласындағы Қазақстан сәулетінің республикалық фестивалі
Алматы қаласындағы Қазақстан сәулетінің республикалық фестивалі
Алматы қаласындағы Қазақстан сәулетінің республикалық фестивалі
2013 жылғы қазан айының 4-нен бастап 6-на дейін ҚР Сәулетшілер Одағының Президенті А.И.Рүстембековтің шақыруы бойынша «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Қ.Қ.Қандығұлов Алматы қаласында ҚР Сәулетшілер Одағы және Халықаралық сәулет академиясының қазақстандық орталығы (ҚазХСА) Алматы қаласының Әкімдігі қолғабысымен ұйымдастырып өткізген Халықаралық сәулет форумына қатысты. Аталмыш форумды өткізудің негізгі мақсаттары сәулетшілер, құрылысшылардың бірлесуі, жаңа құрылыс технологиялар мен материалдармен таныстыру, шығармашылық және кәсіби деңгейді көтеру, сонымен бірге әлеуметтік, экологиялық, энергия үнемдеу және табиғат қорғау іс шараларын есепке ала отыра, жобалау және құрылыс саласындағы жаңа тұжырымдамаларды таңдау болып табылады. Форум шеңберінде келесі іс шаралар өткізілді: 1. ХХІ Халықаралық ТМД елдері сәулетшілер Одағының Халықаралық қауымдастығының «Ең үздік жылдық жоба (құрылыс)» көрініс-байқауы. 2. Республикалық 2010-2013 жылғы үздік сәулет туындыларының көрініс-байқауы. 3. Қазақстанның сәулет мектептерінің дипломдық жұмыстарының республикалық көрініс-байқауы. 4. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Ғылыми-тәжірибелік конференцияда үлкен қалалардың өзекті мәселелері қарастырылды: - Ірі қалалар дамуының тарихы мен теориясы. - Ірі қалалардың қала құрылысы мен экологиялық мәселелері. Мастер класс ХСА академигі А.А.Чернихов және сәулетші-урбанист Мануэль Н.Яновски (Испания) жүргізді. Форум аяқталғаннан кейін, ХХІ Халықаралық СОХҚ байқауы қазылар алқасының шешімімен тиісті номинациялар бойынша жеңімпаз анықталып, сонымен бірге Қазақстан Республикасы сәулет білім және ғылымды дамытуына үлес қосуы үшін медальдар берілді. Фестивальдің негізігі мақсаты – адам тұратын ортаны лайықты қалыптастыру ісіндегі түрлі кәсіби қауымдастықтар өкілдерінің ынтымақтастығын дамыту ойдағыдай орындалды.