Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстандық мазмұн бойынша республикалық семинар-кеңес

2012-10-13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын орындау мақсатында, Павлодар қаласында 2012 жылдың 5-6 қазаны, 2013 жылдың 9 айының жұмыс қорытындылары жөніндеқұрылыс жобаларында қазақстандық мазмұн бойынша республикалық семинар-кеңес өтті. Семинар жұмысына «Мемлсараптама» РМК филиалдарының қызметкерлері, Павлодар облысының әкімінің орынбасары А.Д. Әбдықалықов және Павлодар регионы бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдарын, құрылыстарын және жабдықтарын өндірушілердің өкілдері қатысты. Кіріспе сөзбен «Мемлсараптама» РМК бас директорының орынбасары А. Сманкулов сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасында құрылыс жобаларында қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайтуға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығы мен мәнін атап өтті. Сондай-ақ, есеп беру кезеңінде қол жеткізген нәтижелер туралы да мәлімдеді және жобалардың мемлекеттік сараптаманың республикалық жүйесінің алдына қойылған ағымды міндеттерді белгіледі. Республикалық семинар уақытында «Казэнергокабель» АҚ , «Arinvest» ЖШС, «Павлодарский трубопрокатный завод» ЖШС, «Sigmetex» ЖШС, «Завод МВИ» ЖШС, компания «Стирол» ЖШС, «КазБитумСервис» ЖШС және т.б.кәсіпорындардың сөз сөйлеулері тыңдалып, өнімдеріне презентация жүргізілді. Республикалық семинарға қатысушылар жұмыс істейтін кәсіпорындарда және нысандарда технологиялармен және жабдықтармен танысу мақсатында «Казэнергокабель» АҚ, «Павлодарский трубопрокатный завод» ЖШС және «Sigmetex» ЖШС барды. Филиалдан өндірістік бөлімнің басшысының м.а. – А.Г. Филиппов қатысты.