Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

МС ИСО 50001:2011 талаптарына сай энергетикалық менеджмент жүйесінің (ЭнМЖ) ішкі аудиторларын даярлау

2013-09-16
МС ИСО 50001:2011 талаптарына сай энергетикалық менеджмент жүйесінің (ЭнМЖ) ішкі аудиторларын даярлау
МС ИСО 50001:2011 талаптарына сай энергетикалық менеджмент жүйесінің (ЭнМЖ) ішкі аудиторларын даярлау
2013 жылғы 11 қыркүйектен 13 дейін «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне 2013 жылға арналған біліктілігін арттыру Жоспары шеңберінде Астана қаласында филиалдың БМЖ бойынша жауаптысы Е.А.Өмірзақов «МС ИСО 50001:2011 халықаралық стандарт талаптарына сай энергетикалық менеджмент жүйесінің (ЭнМЖ) ішкі аудиторларын даярлау» тақырыбында «Қазақстандық сапа мекемесі» ЖШС-нің менеджмент жүйелері бойынша сарапшы-аудитор Б.О.Ескендірова өткізген оқу жоспар-семинарына қатысты. Оқу жоспар-семинарларын өткізудің негізгі мақсаттары мамандардың біліктілігін арттыру және біріктірілген менеджмент жүйесінің ішкі аудиторларын даярлау болып табылады. Оқу жоспар-семинарында ИСО 50001:2011 халықаралық стандарт талаптарына сай келесі тақырыптар қарастырылды: 1. Аталмыш стандарт мекемелерге энергетикалық тиімділікті қоса, энергетикалық көрсеткіштерді жетілдіру, энергияны пайдалану және тұтыну үшін қажетті жүйелер мен үдерістер құру мүмкіндігін беруге арналатыны туралы. 2. Стандартты енгізу булы газдардың шығуын және қоршаған ортаға өзге әсерлердің азаюына әкеледі, сонымен бірге, жүйелік энергетикалық менеджмент арқылы энергия шығындарын азайтады. 3. Мекеме энергетикалық менеджмент жүйесіне (ЭнМЖ) қойылатын талаптар негізінде энергетикалық саясатты әзірлеп енгізе алады, энергия тұтынуына қатысты заңнама талаптары мен ақпараттарды ескере отырып, мақсаттар мен міндеттер қойып, іс-шаралар жоспарларын жасай алады. Сонымен қатар, аудиттік қағидаттарын, аудиттің бағдарлама менеджментін және менеджмент жүйелері аудитін жүргізуді қоса, менеджмент жүйелері аудиті бойынша басшылық нұсқаулықтар, сонымен бірге, аудит, аудиторлар және аудиторлық топтар бағдарламасына жауапты тұлғаларды қоса, аудит үдерістеріне қатысатын тұлғалардың біліктілігін бағалау бойынша басшылық нұсқаулықтар ұсынатын ИСО 19011:2011 халықаралық стандарттар қарастырылды. Семинар соңында емтихан тапсырылып, барлық тыңдаушыларына тиісті куәліктер берілді.