19-20 қыркүйек күндері Талдықорған қаласында «Мемсараптама» РМК аймақтық бөлімшелерінің қатысуымен жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған «Тілге құрмет – елге құрмет» фестивалі өтті. Фестивальдің ұйымдастыруышысы өткен жылдың жеңімпазы – «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы.
Фестивальға «Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалы да қатысты.
Байқау үш кезең бойынша өтті. І кезең – әр облыс өз өлкесі туралы өлең оқу, ІІ кезең – Қазақстан халықтарының ұлттық әндерін орындау, ІІІ кезең – халықтар достығының вальсі.
Байқау қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК Атырау облысы бойынша филиалының командасы жеңімпаз атанды.
«Тілге құрмет – елге құрмет» фестивалінің жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!