13.09.2013 ж. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында «Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласындағы канализациялық су жүйелерін қайта құрылымдау. Канализациялық тазарту имараттары» жұмыс жобасының сараптамасын жүргізуге байланысты кеңейтілген кеңес өткізілді. Кеңеске филиалдың басшылығы, жетекші сарапшысы, Астана қаласындағы «Мемсараптама» РМК кешенді бөлімінің бастығының м.а., «Суарнажоба» АҚ өкілдері, тапсырысшы – Талас ауданының әкімдігі, бас жобалаушы және жобалаушылар қатысты. Кеңес барысында сараптаманың ескертулеріне дер кезінде негіздемелі жауаптар беру, КОС нұсқаларын таңдау талдамалары бойынша мәселелер көтерілді. Хаттама бойынша кеңес соңында ескертулерді жою мерзімдері көрсетілді.