Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазіргі бағдарламалық кешендерге оқыту

2013-07-01
Қазіргі бағдарламалық кешендерге оқыту
«Мемсараптама» РМК-ның қызметін жетілдірудің 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралары шеңберінде және бекітілген кестеге сәйкес Астана қаласында «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің маман-сарапшылары үшін қазіргі бағдарламалық кешендерге үйрету бойынша семинарлар ұйымдастырылып өткізілуде. Осы семинарлар мақсаты мамандардың кәсіби дағдыларын арттыруға және жобалау саласында қазіргі бағдарламалық кешендермен жұмыс жасай білуге бағытталған. Осылайша, 2013 жылғы 23 маусымнан 2013 жылғы 29 маусымға дейін Мәскеу қаласының «СКАД СОФТ» ҒӨФ ЖШҚ-ның SCAD бойынша оқытушысы А.В.Теплых басшылығымен сарапшы-конструкторлар үшін «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы өндірістік бөлімнің конструкторлық секторының жетекші маманы А.С.Сейтова қатысуымен «3D форматтағы SCAD Office бағдарламалық кешенмен жұмыс істеуді оқыту» тақырыбында семинар өткізілді. Оқыту үдерісінде көпқұрылымды кәсектер, темір бетондық балкалар, темірбетондық тақтайшалар және өзге де жауапты құрылымдар бойынша мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, семинар қатысушылары есептер әдістемесі бойынша қызықтырған сұрақтарға білікті жауаптар алған. Оқыту нәтижелері бойынша тестілеу жүргізіліп, алдағы уақытта тиісті куәліктер беріледі.