2013 ж. 24-25 шілде аралығында Астана қаласындағы «НАТ Қазақстан» АҚ ғимаратында мемлекеттік сараптамадағы электронды құжат айналымның бірыңғай жүйесінің жаңа платформасы бойынша республикалық семинар өтті. Оқу курсында аталмыш жүйенің жаңа мүмкіндіктері және жобалық-сметалық құжаттаманы электронды қабылдау интеграциясы таныстырылды.
Республикалық семинарға «Мемсараптама» РМК сараптамалық құжатайналым секторының жетекшісі Олжабаева М.Т. қатысты.
Семинар соңында қатысушыларға курсты өткендігін растайтын сертификаттар табыс етілді.