2013 жылғы сәуірдің 22 – 26-сы аралығында Алматы қаласындағы «KAZGOR» жобалау академиясында «Жазбаша аударма техникасы» атты біліктілікті көтеру курсына филиалдың құжатайналым секторының жетекші маманы, аудармашы Мирманова К.А. қатысты.
Курстың негізгі тақырыптары:
1. Синтаксистік кешендердің аудармасы.
2. Аудармадағы салыстырмалы грамматика.
3. Күрделенген сөйлемдер.
4. Аудармалық редакциялау дағдылары.
5. Аудармашылық трансформация. Лексикалық және грамматикалық трансформациялар.
«Синтаксистік кешендерді аудару және кешенді трансформациялар» модуліне қатысқаны үшін сертификат берілді.