Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Автомобиль жолдары. Құрылысы, күрделі жөндеу және пайдалану» семинары

2013-06-26
«Автомобиль жолдары. Құрылысы, күрделі жөндеу және пайдалану» семинары

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының өндірістік бөлімнің жетекші маманы (көлік) «ПРОГРЕСС» ҒТАО 2013 жылғы 10-14 маусым аралығында РФ, Санкт-Петербург қаласында «Автомобиль жолдары. Құрылысы, күрделі жөндеу және пайдалану» тақырыбы бойынша ұйымдастырып өткізген семинарға қатысты.
Семинарда қарастырылған мәселелер:
1. Битумдар және түрлендіру қосылыстары.
2. Топырақтар. Жол төсеу құрылыстарына пайдаланатын топырақтарға қойылатын талаптар. Өндірістің ерекше жағдайларындағы топырақтарды тығыздау технологиялардың ерекшеліктері.
3. Инженерлік-геологиялық ізденістердің қазіргі әдістері.
4. Жолдардың қорғаныш және сәндік көгалдандыруы.
5. Құрылыс нысандары мен автомобиль жолдарды қайта жаңартудағы авторлық қадағалау. Көшелерді және жолдарды күрделі жөндеу. Салқын және ыстық регенерация әдісімен жолды жөндеу.
6. Жол-құрылыс материалдарын және құрылғыларын қадағалау құралдары.
7. Жобалау және құрылыс кезіндегі экологилық аспектілер.
Семинардың аталмыш тақырыптары бойынша Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университетінің профессорлары, оқытушылары және Санкт Петербургтің автомобиль жолдарының құрылысы, жөндеу және падалану бойынша әр мекемелерден шақырылған жетекші мамандары сөз етті.
Қызметкерімізбен бірге семинарға РФ мен ТМО елдерінің мамандары қатысты.
Семинар ұйымдастырушылары Санкт-Петербург бойынша шолу саяхатын және фонтандар қаласы – Петергофқа саяхат ұйымдастырды. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларына біліктілігін арттыру туралы куәлік берілді.