2012 жылы «28» қарашада «Мемсараптама» РМК Бас директорымен бекітілген, 2013 жылы «Мемсараптама» РМК және оның аймақтық бөлімдерінде БМЖ ішкі аудит жүргізу бағдарламасының орындалу мақсатында, 2013 жылы 23 -24 сәуірде «Мемсараптама» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында біріктірілген менеджмент жүйесі бойынша ішкі аудит өтті. Ішкі аудит мақсаты- «Мемсараптама» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы қызметінің ISO: 9001, ISO:14001, OHSAS:18001, ISO/IEC 27001:2005 халықаралық стандарттар талабына сәйкестілік.