Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

БҚО әкімінің орынбасары С. Ж. Шапкеновтің қатысуымен және аудандық құрылыс бөлімдері басшыларының 2012 жылдың құрылыс кешенін қорытындылау және 2013 жылғы мақсаттар туралы жиналыс

2013-02-18
2013жылдың 18 ақпанында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С. Ж. Шапкеновтің қатысуымен БҚО құрылыс басқармасында облыстың 2012 жылдың құрылыс кешенін қорытындылау және 2013 жылға жоспарланған жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыста бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты. БҚО құрылыс басқармасының басшысы Ж.А. Сүйіншәлиев 2012 жылдың құрылыс жұмыстарының қорытындысы бойынша және 2013 жылға арналған мақсаттар туралы есеп берді. БҚО құрылыс басқарма басшысының орынбасары М.К. Қаражанов қала мен аудандардағы құрылыс бөлімдерінің жұмыс барысындағы тәртіптілік мәселелері бойынша баяндады. «БҚО бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті» ММ-нің басшының орынбасары Б.Б. Сейтқали облыстағы құрылыс нысандарының сапасы туралы баяндама оқыды. «Мемсараптама» РМК-ның БҚО бойынша филиалының директоры Н.К.Искиндиров жобалау жұмыстарының сапасы туралы мәлімдеме жасады. Орал қаласының құрылыс бөлімінің бастығы А.С. Уксукбаев «2020-Қол жетімді» бағдарламасын іске асыру жұмыстары бойынша есеп берді. Аудандардың құрылыс бөлімдердің басшылары «2020-Қол жетімді» бағдарламасын іске асыру жұмыстары бойынша есеп берді.