Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығын орындау бойынша мәселелерді қарастыру отырысы

2012-11-15
Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығын орындау бойынша мәселелерді қарастыру отырысы
Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығын орындау бойынша мәселелерді қарастыру отырысы
2012 жылдың 15 қарашасында «Мемсараптама» РМК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 «Құрылыс салуға арналған жобаны кезең-кезеңмен әзірлеуге сараптамалық сүйемелдеу режимінде мемлекеттік сапатама жүргізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығын жеткізу мақсатында және қазіргі таңдағы құрылыс нысандарын жобалау сапасының мәселелері бойынша отырыс өткізді. Отырысқа БҚО әкімінің орынбасары С.Ж. Шапкенов «БҚО бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті» ММ-нің басшысы А.Н. Ғұбайдуллин «БҚО бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті» ММ-нің басшының орынбасары Б.Б. Сейтқали БҚО бас сәулетшісі Н.А. Сагидуллин «Мемсараптама» РМК-ның БҚО бойынша филиалының директоры Искиндиров Н.К. «Мемсараптама» РМК-ның БҚО бойынша филиалының директоры орынбасары Горшков А.А. «Мемсараптама» РМК-ның БҚО бойынша филиалының директоры өндірістік бөлімнің Кобин В.В. және жобалау ұйымдарының басшылары мен өкілдері қатысты. БҚО әкімінің орынбасары С.Ж. Шапкенов жиналыс барысын «Мемсараптама» РМК-ның БҚО бойынша филиалының директоры Н. Искиндировті ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі» орденімен марапттаумен ашты. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс кешені мамандарына аумақтың бюджеттік бағдарламаларын орындау барасында жобалау жұмыстарын уақытылы және сапалы түрде орындау қажеттігін айтты. «Мемсараптама» РМК-ның БҚО бойынша филиалының директоры Н. Искиндиров жиналысқа қатысушыларға Құрылыс салуға арналған жобаны кезең-кезеңмен әзірлеуге сараптамалық сүйемелдеу режимінде мемлекеттік сапатама жүргізу Ережесінің негізгі талаптарына тоқталды. Яғни оның ішінде: - сараптамалық сүйемелдеу режимінде шарт жасау тәртібіне - ұсынылатын ЖСҚ-ның міндетті талаптарына - сараптау жұмыстарын өткізу мерзіне туралы сқз қозғалды. «Мемсараптама» РМК-ның БҚО бойынша филиалының директорының орынбасары А.А. Горшков көптеген қателермен өрескел бұзушылықтармен және мемлекттік нормативтерден ауытқулармен дайындалған жұмыс жобаларын дайындаған жобалау ұйымдары туралы мәлімдеді.