Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Тараз қаласына жұмыс сапарымен "Мемсараптама" РМК Бас директоры келді

2013-01-22
Тараз қаласына жұмыс сапарымен "Мемсараптама" РМК Бас директоры келді
Үстіміздегі жылдың 12 қаңтарында секундына 45 метр жылдамдықпен соққан дүлей желдің салдарынан облысымыздың 5 ауданы мен Тараз қаласында төтенше жағдай қалыптасты. «Мемсараптама» РМК Бас директоры Ережепов Бірлік Бекмұрзаұлы 2013 жылдың 21 қаңтарында Тараз қаласына үстіміздегі жылдың 12 қаңтарында Жамбыл облысының Талас және Сарысу аудандарында орын алған табиғи апат салдырының келтірген зиянының көлемін бағалау мақсатымен жұмыс сапарымен келді. Бірлік Бекмұрзаұлы сапар барысында жапа шеккен осы екі ауданда да болып, «Мемсараптама» РМК-ның Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары бойынша және Алматы қаласындағы филиалдары директорларына сарапшыларын Жамбыл облысы бойынша филиалы сарапшыларына сараптама қортындысын дер кезінде шығарып беру мақсатымен тәжірибелік көмек көрсету үшін жұмысқа тартуды тапсырды. «Мемсараптама» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалында жұмыс тәртібі сағат түнгі 00.00 ге дейін деп келісіліп, төтенше жағдай жарияланған аймақтардағы нысандардың жобалық-сметалық құжаттары кезексіз қабылданып, қаралуда.