Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ХАБАРЛАНДЫРУ

2013-02-06
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Ақтөбе облысы бойынша филиалының бос лауазымдарына орналасуға білікті мамандар қажет: Өндірістік бөлімнің бас маманының 1-бірлігі. Талап етіледі: жоғарғы мамандық білімі, жобалау мекемесінде мамандық бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, бұл істі жүзеге асыру құқығымен сараптама жұмыстары мен инжинирингілік қызметтері бойынша сарапшы аттестатының болуы (жол құрылысы тарауы бойынша). Өндірістік бөлімнің сметалық-экономикалық секторы бас маманының 1-бірлігі. Талап етіледі: жоғарғы мамандық білімі, құрылыс саласында мамандық бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес және бұл істі жүзеге асыру құқығымен сараптама жұмыстары мен инжинирингілік қызметтері бойынша сарапшы аттестатының болуы (сметалық тарауы бойынша). Өндірістік бөлімнің сәулет-жоспарлау секторы басшысының 1-бірлігі. Талап етіледі: мамандық бойынша жоғарғы білім, бұл істі жүзеге асыру құқығымен сараптама жұмыстары мен инжинирингілік қызметтері бойынша сарапшы аттестатының болуы және сараптама ісі саласында жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы (сәулет-жоспарлау шешімдері, бас жоспар тараулары бойынша). Өндірістік бөлімнің сәулет-жоспарлау секторы жетекші маманының 1-бірлігі. Талап етіледі: жоғарғы мамандық білімі, жобалау мекемесінде мамандық бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес және бұл істі жүзеге асыру құқығымен сараптама жұмыстары мен инжинирингілік қызметтері бойынша сарапшы аттестатының болуы (сәулет-жоспарлау шешімдері, бас жоспар тараулары бойынша). Өндірістік бөлімнің конструкторлық секторы басшысының 1-бірлігі. Талап етіледі: мамандық бойынша жоғарғы білімі, бұл істі жүзеге асыру құқығымен сараптама жұмыстары мен инжинирингілік қызметтері бойынша сарапшы аттестатының болуы және сараптама ісі саласында жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы (сәулет-құрылыс шешімдері, темірбетонды құрылымдар, металл құрылымдар тараулары бойынша). Өндірістік бөлімнің инженерлік желілер мен имараттар секторы бас маманының 2-бірлігі. Талап етіледі: жоғарғы мамандық білімі, жобалау мекемесінде мамандық бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, бұл істі жүзеге асыру құқығымен сараптама жұмыстары мен инжинирингілік қызметтері бойынша сарапшы аттестатының болуы (жылу мен газбен қамту және вентиляция, электротехникалық желілер мен жүйелер тараулары бойынша). Өндірістік бөлімнің инженерлік желілер мен имараттар секторы жетекші маманының 2-бірлігі. Талап етіледі: жоғарғы мамандық білімі, жобалау мекемесінде мамандық бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес және бұл істі жүзеге асыру құқығымен сараптама жұмыстары мен инжинирингілік қызметтері бойынша сарапшы аттестатының болуы (су құбыры және кәріз, электротехникалық желілер мен әлсіз токты құрылғылар тараулары бойынша). Орналасу орны (мекен-жайы): ҚР, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 103 үй. Кәсіпорынның негізгі қызметі: құрылыстың жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттік сараптама жүргізу. Бос лауазымдарға орналасуға ұсынылатын міндетті құжаттар тізімдемесі: 1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; 2) ерікті түрде жазылған өмірбаяны; 3) орнатылған тәртіппен расталынған білімі туралы құжаттарының көшірмелері; 4) орнатылған тәртіппен расталынған еңбек кітапшасы (бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтан үзінді; 4) 086-У формалы денсаулығы туралы анықтама. Білімі, жұмыс тәжирибесі, кәсіби деңгейі (біліктілігін көтеру, ғылыми дәрежесі мен атағы, ғылыми жарияланымы, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымы және т.б. құжаттардың көшірмелері) туралы қосымша ақпаратты ұсына алады. Құжаттар 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 103 үй, 4 қабат, мекен-жайы бойынша «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына тапсырылуы тиіс. Анықтама телефондары: 8/7132/54-04-69, 8 /7132/ 90-67-26, эл.пошта: aktobe-exp@mail.ru.