2012 жылдың 21 қыркүйегінде Өскемен қаласы «Қазақстан халықтары тілдерінің күніне» арналған «Қанатты тұлпар» фестивалінің қатысушыларын қабылдады. Тілдер күнінің мерекесіне «Мемсараптама» РМК-нің барлық аумақтық бөлімшелері қатысты.
Фестиваль аясында үш турдан тұратын конкурс өткізілді:
1) «Аумақтық бөлімшенің тұсау кесері»- 3минуттік бейнеролигін көрсету;
2) Өзге ұлт өкілінің орындауында қазақтың халық әнін шырқау;
3) Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың салт-дәстүрін сахналық қойылымдар арқылы бейнелеу.
Сиражиденова Б.А., Горбань Я.И., Ольферт И.П. және Кенжебеков И.О. жетекші мамандарынан тұратын Көкшетау командасы орыс халқының салт-ғұрпын көрсетіп, қазақ халқының әнін нақышына келтіре орындап, көрермендердің қошеметіне иеленді.
Фестиваль жеңімпазының эстафетасы «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалына тапсырылды.
Фестиваль қатысушылары келесі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды:
- Үздік режиссерлық жұмыс;
- Қазақ халқының әнін ең үздік орындау;
- Ең жарқын көрініс;
- Ең жақсы ұлттық костюм.